Меркіде 2025 жылға дейін барлық жолдар жөнделеді – Ж.Баубек

0 103

«Меркіде 2025 жылға дейін барлық жолдар жөнделеді». Бұл туралы бүгін, Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі аланыңда Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубек айтты.

«2022 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, 10 жоба ұзындығы 25,3 шақырым, құны 399,0 млн. теңгеге салалық басқармадан қолдау тапты. Сатып алу конкурс амалдары аясында мердігер мекемелері анықталып, келісім-шартқа отыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудандық мәндегі автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден өткізуге қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурс амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда «Тараз-ДорСтройПроект» ЖШС-гі мердігер болып анықталды. Келісім шарт соммасы – 19 040,0 мың теңге»- деді ол.

Сондай-ақ, бирфингте аудан әкімі халықты ауыз су мен газбен қамтуда басты назарда екенін жеткізді. Ол елді мекендерді газбен қамтамасыз ету саласы бойынша аудан облыс деңгейінде алдыңғы қатарда тұрғандығын да айтты.

«Аудан аумағында 45 елді мекен бар. Оның 39-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген, яғни, 86,7 пайызын құрайды, ал 6 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. Ол 13,3 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда, Беларық, Қарасу және Ақкөз Қайнар ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынды. Қазір аталған жобаларға қаражат қарастырылып бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде.»- деді Жорабек Баубек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.