Жаңалықтар

Мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтады

Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген

Тәжікстанда мешіт маңында белгісіз біреу бас мүфтиді пышақтады, деп хабарлайды деп хабарлайды Jambylinfo.kz Skifnews.kz-ке сілтесе жасап.

Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлағандай, намаз аяқталғаннан кейін Душанбедегі орталық мешіттің жанында

Тәжікстанның бас мүфтиі, Үлем (мұсылман діни қызметкерлері) кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға сағат 17:20 шабуыл жасалды.

Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді.

Қылмыскерді ішкі істер органдарының қызметкерлері ізін суытпай, бірден ұстады. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.