Месси ресми түрде ПСЖ клубына ауысты

0 22

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде франциялық «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубына ауысты.

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни келісімшарт мерзімі — екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады.

Жаңа ойыншы командаға 11 тамыздағы баспасөз мәслихатында таныстырылады. Шара «Парк де Пренс» стадионында өтеді.

Месси командада талантты ұжым мен бапкерлік штаб жиналғанын айтты.

«Карьерамдағы жаңа бөлімімді ПСЖ-да бастағаныма қуаныштымын. Алаңға шығар сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін», деді аргентиналық.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.