Министрлік магистратура мен докторантураға түсушілерге маңызды хабарландыру жасады
2 күннен соң, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады.
Министрлік магистратура мен докторантураға түсушілерге маңызды хабарландыру жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
28 қазаннан бастап магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Ал бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Айта кетейік,тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді. КТ-ға тіркелу 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасын табады.