Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жас жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан

Нұр-Сұлтанда жас жігіт бейтаныс адамды аяусыз соққыға жыққан

Полицияның “102” арнасына Конституция көшесіндегі кафенің жанында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Түнгі сағат 02:00 шамасында 30 жастағы жәбірленуші көңіл көтеру орнына келгені анықталды. Содан ол мас күйінде кафенің ішінде басқа екі клиентпен жанжалдасып, кейіннен төбелеске ұласқан. Кафенің кіреберісінде мәселені шешу барысында оларға 25 жастағы белгісіз жігіт қосылып, агрессивті түрде әрекет етіп, жәбірленушінің бетіне жұдырығымен соққы берген. Жәбірленуші алған соққыдан асфальтқа құлап, есінен танып қалған. Төбелеске қатысушылар оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер күдіктіні ұстап, “Сарыарқа” ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдіктінің бұндай төбелеске қатысуы бірінші рет емес. Ол 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.