Жаңалықтар

Нұрлан Еспановтың әйелі: Күйеуімнің арқасында ауыр сыннан өттім

Нұрлан Еспановтың әйелі: Күйеуімнің арқасында ауыр сыннан өттім

Нұрлан Еспановтың жары Жанар ханым алғаш рет сұхбат берді. Әншінің жұбайы отбасылық қызықтары мен естеліктерін, қиындықтарын бөлісті. Енесі мен жолдасының мінезі жайлы баяндайды. Ауыр сынақтан өткен ол жолдасының әркез қолдау болғанын айтады. Жанар Еспанова Нұрлан Еспановтың бірге 25 жылдан бері бір шаңырақ астында. Айтуынша, отбасында ұрыс-керіс көп болмайды. Ерінің мінезі тым ашуланшақ болғанымен қайтымы тез дейді өзі. “Нұрланмен отбасында көп әңгімелесе бермейміз. Ол түздің адамы болған соң үйде көп отырмайды. Жұмыстарымен кетіп қалады. Бірақ кешке серуендеуге шығамыз. Маған үйде отырма, сыртқа шық. Денсаулығыңды күт деп көп айтады. Екі жылдан бері йогамен айналысамын. Нұрлан екеуміз бірге барамыз. Ол спортпен айналысады. Ұрысып қалсақ, өз бөлмемізден шығармаймыз. Балаларымыз ер жетті. Көрсетпеуге тырысамыз. Қазір мінезіне үйреніп қалдым. Тез ашуланғанымен тез басылады. Мен сабырлымын. Көп ашуланбаймын, бірақ көп өкпелеп жүремін”, – дейді Жанар Еспанова. Айтуынша, 5 жыл бұрын ауыр дертке шалдығып, қазір оңала бастаған. Күнделікті дәрі ішеді. Күйзеліске түскен әйелін жолдасы қолдау көрсетіп, бірге сыннан өткен екен. Нұрлан Еспанов: Негізі "шегіртке" деген жақсы мағына, исламда рөлі ерекше Еспанов: Адам әнші болу үшін алдымен түріне қарау керек “Бес жыл бұрын кездейсоқ ауырып жүргенімді білдім. Қан анализдерім дұрыс шықпады. Солай дәрі іше бастадым. Бастапқыда күйзеліске түстім. Шок болып қалдым. Нұрланға айтып едім ол да таңғалып, қорқып кетті. Бәрі жақсы болады, емделесің деп жүрді. Нұрланның арқасында қорқынышты жеңіп, емделе бастадым. Мұндайда жолдасыңның қолдауы аса маңызды. Ол сені түсінсе, қолдау көрсетсе, емдетсе, моральді тұрғыда қолдап, жаныңнан табылса, күш береді. Керісінше саған жаны ашымай, немқұрайлық танытса, одан әрі ауырасың”, – дейді әншінің жары. Жанар ханым бүгінгі күніне шүкіршілік етеді. Енесінің өмірде алтындай ана екенін айтты. “Менің анам алтын адам. Ешқашан ұрысқан емеспіз. Сендер тату болсаңдар болды дейді. Нұрлан әкесіне ұқсаған деп жатады. Түрі де, мінезі де. Енем ұлын менен қызғанбайды”, – дейді ол. Жанар ханым мен Нұрлан Еспановтың ұлы өзге ұлт өкілін жар етпек болғаны есте. Алайда оған әкесі қарсылық танытқан. “Ұлым ұйғыр қызбен кездесіп, үйленгісі келді. Мен қарсы болған жоқпын. Әкесі қарсы болады. Қазақтың қыздары тұрғанда не бар деп рұқсат етпеді. Солай екіге кетті. Қазір ол қыз тұрмысқа шыққан екен. Ұлым әкесінің сөзін тыңдады”. – деді ол. Нұрлан Еспанов кенже қызы туғанда ерекше әкелік мейірімі оянып, еркелетіп өсірген екен. Ал тұңғыш қызы өмірге келгенде өкпелегені тағы бар. “Үлкеніміз қыз болды. Сонда Нұрлан неге ұл тумадың деп ренжігендей болды. Менің кінәм емес қой деп айттым. Кейін ұлымыз, кенже қызымыз келді. Кенжесінде ерекше әкелік мейірімі оянды. Бұрындары жас болған соң ба аса мейірленбейтін. Кенже қызын еркелетіп, айтқанын істеп жүретін болды”, –деді Жанар Еспанова.  />