Жаңалықтар

Нұрлан Оразбаев "Барыс" бас директоры қызметінен кетті

The final spritzer

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оразбаев бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында Иванищев Борис Анатольевичтың орнына тағайындалған болатын. Оның алғашқы шешімдерінің бірі — команданың сол кездегі барлық солтүстікамерикалық ойыншыларымен келісімшартты бұзу болды. 

Айта кетейік, «Барыс» биылғы маусымды өте сәтсіз аяқтады — команда Шығыс конференциясында 68 матчта 35 ұпай жинап, 12-орынға табан тіреді. Бұл — клуб тарихындағы ең нашар нәтиже.