Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Астана соттарының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкім шығарған.
Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы соттан өзін ақтауды өтінген. Сот шешім шығарғанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының болуын танығанымен, қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған.