Жаңалықтар

Нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша жиын өтті

Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігінде Нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы бағытында атқарылған жұмыстарға байланысты жиын өтті.

Жиынға Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлімдер мен мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі “Сарысу ауданында нашақорлық және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жүргізу бойынша 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы” Сарысу аудандық полиция бөлімінің КПБ-нің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ф. Өтепбергенов, Сарысу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. Мұсаахметов, Аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Қ. Сатов және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ. Салимова хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жиында күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру керектігін айтып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.