Жаңалықтар

Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді

The final spritzer

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі осындай ерекше статистика жариялады

Ведомство мәліметінше, еліміздегі полиция қатарында Наурыз атауымен байланысты 119 тәртіп сақшысы бар, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазақ мәдениетінде есім таңдау – әрдайым маңызды әрі жауапты шешім болған. Себебі, есім адамның тағдырымен, болашағымен тығыз байланысты әрі ол дәстүр мен мәдениетке деген құрметті білдіреді. Көп жағдайда есім тарихи оқиғалар мен белгілі тұлғаларды еске түсіріп, ата-ананың баласына артқан үміті мен тілегін көрсетеді", – деп хабарлады ІІМ.

Бұл 119 полицейдің ішінде:

Наурызбай – 55

Наурызбек – 41

Наурыз – 12

Наурызгүл – 4

Наурызхан – 3

Наурызғали – 2

Наурызжан – 1

Бекнаурыз – 1

Айта кетерлігі, олардың төртеуі – әйел.