Жаңалықтар

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижесі шықты

The final spritzer

Банк өкілдері іріктеуден өткен салымшыларға алдағы қадамдарды түсіндірді.

"Отбасы банк" баспасөз қызметінің мәліметінше, "Наурыз" бағдарламасы бойынша 12 000 салымшы іріктеуден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іріктеу нәтижелері otbasybank.kz сайтында жарияланды. 

Сондай-ақ, банк бір несие аясында тұрғын үйді жөндеуге қосымша қаражат алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ал тізімнен өзін таппаған салымшыларға бағдарлама әлі 6 жыл бойы жұмыс істейтіні және депозитті тұрақты түрде толықтырып отырса, келесі іріктеулерге қатысу мүмкіндігі бар екенін ескертті.