Жаңалықтар

Наурыз мерекесін жаңаша тойлау: Жамбылда Наурыз тойы жалғасуда

16 наурыз - мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Жамбыл ауданының орталығында ашық аспан астында киіз үй тігіліп, ұлыстың ұлы күні Әз-наурыз мерекесі аталып өтті.

Ауыл тұрғындары мен қонақтар беташар салтын тамашалап, бір-бірін қазақы жыл басымен құттықтады. Көпшілік ұлттық тағамдардан да дәм татып, көтеріңкі  ән мен іскер әйелдер бірлесе билеген “Қара жорға” биін тамашалады.

Алаңда ұлттық ойындар дәріптеліп, жастар алтыбақан тепті. Сонымен қатар аудан халқы қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалап, тіптен шеберлермен бірге оларды жасауға атсалысты.

Айта кету керек, аудандағы сауда орындарында 14 наурыздан бастап “Наурыз -базарлық” акциясы жүргізіліп, наурызнама шаралары барлық округтерде аталып өтуде.