Наурызнама-2025: «Шаңырақ» күнінде 56 жұп некесін қиды

Елордада жыл басынан бері 17 мыңнан астам неке тіркелген.
Кеше Наурызнаманың үшінші күні шаңырақ күнінде 56 жұп некесін қиды. Атаулы датаға орай салтанатты түрде неке қию рәсімі ұйымдастарылды. Оған ықылас білдірген 4 жұп қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Ал 25, 50 жыл отасқан ерлі-зайыптылар жастарды құттықтап, кеңес берді. Биыл 1 қаңтардан бастап елордада 17 мыңнан астам неке тіркелген.
Отбасы құрғанымызға 25 жыл. Жастар отбасын құрып отыр. Соларға тілейтінім бар – жақсылық, шыдам, түсінік болу керек бір-біріне. Сонымен мықты отбасы болғанын, көпбалалы бақытты болғанын тілеймін,- дейді Абай Жылқышиев, қала тұрғыны.