Назым Қызайбай - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
Ол жартылай финалда Қытай спортшысына жол берді
Париж Олимпиадасында 50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юге есе жіберіп, қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Назым Қызайбай жекпе-жектен соң журналистерге сұхбат беріп, бұл жетістігіне көңілі болмайтынын, Олимпиадаға тек алтын медаль үшін келгенін айтқан.
Еске салайық, Назым Қызайбай бұрымдылар арасында Олимпиада жүлдесі бұйырған жалғыз боксшы атанып отыр. Атап өтейік, қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.