Жаңалықтар

Үндістанның екі штаты «қара зең» эпидемиясын жариялады

Үндістанның екі штаты «қара зең» эпидемиясын жариялады

Үндістанның Раджастан және Телангана штаттары «қара зең» деген атаумен белгілі мукормикоз эпидемиясын жариялады. «Штатта мукормикозбен ауыратын науқастардың саны COVID-19 әсерінен артуда. Бұл ауру COVID-19-дың жанама әсері ретінде шығып жатыр», - делінген Раджастанның денсаулық сақтау министрі Ахил Арора қол қойған хабарламада. Штатта бұл ауруға шалдыққан 100-ге жуық науқас бар, олар үшін ауруханадан арнайы бөлім құрылған.