Жаңалықтар

Үнемі шаршаңқы жүруден қалай құтыламыз?

Үнемі шаршаңқы жүруден қалай құтыламыз?

Шаршау – бұл қалыпты құбылыс. Бірақ, күнделікті шаршап жүру ағзаға да, адам өміріне кері әсерін тигізеді. Күн сайын шаршап жүргеннің әсерінен адам баласында иммунитеттің төмендеуі, инфекциялық аурулар, қажу, еріншектік, көңіл-күйдің болмауы секілді симптомдар пайда болады. Оған қоса, есте сақтаудың нашарлауы мен үнемі бас ауруы мазалайды.

Үнемі шаршап жүрудің себептері

Үнемі өзіңізді шаршаңқы сезінудің себептері көп. Бірақ, көп таралғаны бұл:

  • психикалық және психологиялық мәселелер
  • дәрі-дәрмектерді белгіленген мөлшерден көп пайдалану
  • Ұйқының бұзылуы: егер адам жеткілікті уақыт ұйықтамаса, онда ағзаның қайта қалпына келуі нашарлап, шаршауға алып келеді.
  • витамин тапшылығы
  • созылмалы аурулар
  • артық салмақ және тамақтанудың бұзылуы
  • вирустық инфекциялар
  • Шамадан тыс физикалық белсенділік немесе керісінше, қозғалыстың аздығы мен физикалық белсенділіктің болмауы

Өзіңді қалыпқа келтіру үшін

Егер сіз үнемі шаршап жүретін болсаңыз, төмендегі мамандар кеңесіне назар аударыңыз.

  • Егер, түнгі ұйқыңыз қысқа болса, күндізгі уақытта кем дегенде 20-30 минут көз ілу. Бұл қалыпқа келіп, күні бойы сергек жүруіңізге көмектеседі.
  • Су ішу. Себебі, ағзадағы су тапшылығы шаршауға әкеліп соғады. Ғалымдардың айтуынша, ересек адам күніне кем дегенде 2 литр су ішуі керек.
  • Физикалық белсенділік. Күнделікті аз уақыт таза ауада серуендеу мен жеңіл түрде дене қозғалысы адамды сергек сезінуге ықпал жасайды.
  • Дұрыс тамақтану. Құрамында витамин С кездесетін жаңғақ, көкөніс секілді өнімдерді жиі тұтыну қажет.