Норвегияда ірі метеорит құлады

0 3

Түнгі сағат бір шамасында ғарыш объектісі жарылып, бірнеше секунд бойы Осло аспаны жарық болған.

Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Фрагментті Норвегия астрономиялық қоғамында метеориттерді бақылаумен айналысатын Norsk Meteor Nettverk желісі жариялады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аспан денесінің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымға жеткен. Оның сынықтары Осло маңындағы орманды жерде құлап кетуі мүмкін.

Norsk Meteor Nettverk мәліметтері бойынша метеорит күшті соққы толқынын жасады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

«Бейнежазбаларда метеорит Ослодан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде пайда болып, оңтүстік-батыс бағытта жылжығанын көруге болады, онда ол бірнеше рет жарқылдап, жерден шамамен 23 шақырым жерде сөніп қалды»,  делінген хабарламада.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.