Жаңалықтар

"Жараспадық": Әнші Али Оқапов актриса Аружан Жазылбековамен неге жараспағанын айтты

Бейнебаянда әншінің бойы әріптесінен қысқа болып қалған

Әнші Әли Оқапов 12 жыл бұрын актриса Аружан Жазылбековамен шығармашылық байланыста болған, деп жазады Jambylinfo. kz. 

Әли Оқапов желідегі парақшасына өткен жылдарға шегініс жасап, оқырмандарына қызықты естелігін баяндаған. 

Әнші  бейнебаян түсіру барысында екеуінің бойы сәйкес келмей, өзін кішкентай сезінгенін жазған. 

 «Қызық факт: Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан биік өкшелі аяқкиімін шешуге мәжбүр болды. Өйткені табиғи бойымыз бірдей, ал ол биік өкшелі аяқкиім киіп тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын», – деді әнші.