Жаңалықтар

Әнші Қайрат Нұртасты полиция ұстады

The final spritzer

Қайрат Нұртас тағы да заң бұзды

BAQ.KZ. сайтының жазуынша, қазақстандық әнші Қайрат Нұртас көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Желіде тараған видеода әншінің көлікті тізгіндеп бара жатқанын, бірақ белдікті тақпағанын көруге болады. 

Өнер жұлдызы жол жүру ережесін сақтамағаны үшін жауапқа тартылды.

Көлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 593-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұл әншіге салынып отырған алғашқы айыппұл емес. Бұған дейін Қайрат Нұртастың жүргізушісі жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын.