Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды
Іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген
Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo kz. kazinform-ға сілтеме жасап.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.
«Бастамашы: СЖҚІА. Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», - делінген хабарламада.
Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрды.
Айта кетейік, Сиви Махмуди – қазақстандық танымал әнші, актриса және продюсер.