Нұр-Сұлтан мен Алматы ең қымбат қалалар тізіміне енді

0 26

Қазақстандағы екі ірі қала әлемдегі қымбатшылық жайлаған қалалар рейтингісіне еніп отыр. Бұл жолы сарапшылар дүниежүзіндегі 510 қаланы тізімге қосқан, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Өмір сүру индексінің көрсеткішін Numbeo сервисінің сарапшылары жасады.

Негізінен бұл тізімді жинақтау үшін қаладағы тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік бағасы, коммуналдық қызметтер мен жолаушылардың жол жүру ақысы, мейрамханаларда тамақтану құны, тағы басқа негізгі санаттар сарапталған.

Соның нәтижесінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы ең қымбат қалалар рейтінгіне еніп отыр.

Тізім бойынша бірінші орында Бермуд аралдарының астанасы — Гамильтон қаласы. Ал Алматы рейтингте 466 орында болса, Нұр-Сұлтан қаласы 475 тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.