Нұр-Сұлтан қаласында есірткі сатқан төрт интернет дүкен анықталды

0 1

Жасырын электронды сауда алаңдарының әкімшісі 23 жасар елорда тұрғыны болып шықты

Ол қаладағы Жангелдин, Желтоқсан көшелерінің қиылысында ұсталған. Тінту барысында күдіктінің үйінен 64 орама мефедрон, 28 дайын таблетка, 10 миллион тенге, 23 мың АҚШ доллары, басқа да айғақ заттар тәркіленген. Арнайы операция нәтижесінде күдіктінің сыбайласы да сол күні қолға түсті. Олардан барлығынан 200 дана синтетикалық улы зат алынды. Сембинов көшесіндегі үйдің ауласында есірткі жасыратын бес құпия орын анықталды. Заң бойынша күдіктілер 10 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.