Нұр-Сұлтанда отқа оранған қонақ үйден 3 бала құтқарылды

0 4

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, 9 желтоқсан күні сағат 18:14 шамасында елордалық өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Алматы ауданы Бұқтырма, 38 мекенжайында орналасқан 3 қабатты қонақ үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Тілсіз жау кешеннің жертөлесінде орналасқан саунадан шыққан. Өрт сөндіру барысында құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел жұмысының арқасында 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылып, 7 адам эвакуацияланды. Жалын шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құраған. Өрттің себептері анықталып жатыр. Бұл жұмысқа елордалық ТЖД 6 техникасы мен жеке құрамынан 27 адам жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.