Нұр-Сұлтанның колледж студенттері бүгін онлайн оқиды

0 11

«30 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала колледждерінің бірінші ауысымындағы студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», — делінген Білім басқармасының мәліметінде. Еске сала кетейік, кеше сағат 19:00-ден бастап елордада боран, екпінді жел, қалың қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар департаменті астанадан шығатын республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолды жапты, жедел штаб құрып, шұғыл телефон желісін ашты. Бүгін қала маңындағы елді мекендерге баратын барлық жолаушылар автобусының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.