«Құны - 25 миллион теңге»: Абиба Әбужақыноваға демеушілер үшінші көлігін сыйлады
27 жасар дзюдошы Париж Олимпиадасында медальге ие бола алмай, бесінші орынға тұрақтаған
Париж Олимпиадасына қатысушы Абиба Әбужақыноваға демеушілер үшінші көлігін мінгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасына жазған.
Оған үшінші көлікті «Жеңіс» дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсенов құны - 25 миллион тұратын жаңа BMW Х3 кроссоверін сыйлаған.
Айта кетейік, бұған дейін Абиба Әбужақынова "Республика" партиясының өкілдері Kia автокөлігін сыйласа, Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер Zeekr электромобилін тарту еткен еді.