Жаңалықтар

Қоғамдық жұмыстан жалтарғандардың ісі сотқа жолданды

Қоғамдық жұмыстан жалтарғандардың ісі сотқа жолданды

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №2 пробация қызметінің есебінен 34 сотталған өтіп, оның 23-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Алайда, тиімділігін дәлелдеп үлгерген қоғамдық жұмыстан жалтарғандар да бар. Тараз қалалық №2 пробация бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Гүлмира Бекмұханбетова ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарғандардың ісі сотқа жолданғанын жеткізді. - Қазіргі таңда Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің есебінде тұрған 7 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бүгінде олар қала көшелерін сыпырып, шаһардың тазалығына өз үлестерін қосып жүр. Егерде сотталған қоғамдық жұмыстан бас тартқан жағдайда, пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – қамаққа алумен ауыстыру туралы ұсыныс жолдайды. Жыл басынан бері дәл осындай 7 сотталғанның құжаты Тараз қалалық №2 сотына жолданды, - деді Г.Әбілқасымқызы. Айдос Түстікбаев, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны