Жаңалықтар

Оңтүстік Кореямен арадағы әуе рейстерінің саны төрт есеге арттырылмақ

Алматыда Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация Кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

 Тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін арттыруға келісті. Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін орындау құқығын беру, оның ішінде "ауа еркіндігінің"бесінші дәрежесін пайдалану ұсынылды.

 Келіссөздер барысында тағайындалған тасымалдаушылардың бағыттары мен саны бойынша шектеулер алынып тасталды. Бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, тараптар авиатасымалдаушылардың екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнатуды қолдады.