Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты

The final spritzer

Юн Сок Ёль қаңтар айының ортасынан бері қамауда отырған болатын

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сеулдің аудандық соты оның тұтқындау туралы шешімін заңсыз деп тауып, оған қатысты айыптау үкімінің күшін жойды, деп хабарлайды Yonhap.

Ол елде әскери жағдай жарияланғаннан кейін бүлік жасамақ болды деп айыпталған.

2024 жылдың желтоқсанында бұрынғы президент елде әскери режим енгізілгенін жариялады. Бұл қадамды оппозиция мемлекетке жасалған опасыздық деп бағалады. Артынша оған қатысты тергеу басталып, импичмент жарияланды. 15 қаңтарда Юн Сок Ёль қамауға алынған еді.

Алайда сот айыптаулардың заңсыз екенін мәлімдеп, экс-президентті босату туралы шешім қабылдады.