Оңтүстікте күн күрт суытады – синоптиктер
Қазгидромет мамандары алдағы күндері елдің оңтүстік өңірлерінде ауа райы күрт өзгеретінін хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, қыс бойы Оңтүстік Қазақстан аймақтарында қалыптан тыс жылы ауа райы сақталған. Дегенмен маусымның соңына қарай қыс өз мінезін танытып, суық ауа массалары өңір аумағы арқылы жылжи бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соның әсерінен жауын-шашын түсіп, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде жауын-шашын мол болып, жел күшейеді. Сонымен қатар көктайғақ құбылыстары байқалып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжануда.
Синоптиктердің айтуынша, күндіз де, түнде де термометр бағандары 2–7 градус жылы шамасында болады. Ауа райының құбылуына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын күшейтіп, жол қозғалысында мұқият болу ескертіледі.