Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отставкаға кете ме
Бұл сұраққа министрдің өзі жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев
білім саласында қордаланған мәселелерге байланысты отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
– Білім саласында мәселелер, оқыс оқиғалар көбейіп кетті. Қызылордада оқушы қызды сексуалды құлдыққа салса, Ақтөбе облысында оқушы қатарластарының қолынан өлді, ал Маңғыстау облысында жүздеген адам астан уланды. Осындай көп жайттардан кейін сіз министр ретінде отставка кетесіз бе? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі Ғани Бейсембаевтан.
Біздің негізгі мақсатымыз - тиісті міндеттерді атқару, Президенттің тапсырмасын сапалы орындау. Ең бастысы, министрдің міндеті – мәселелерді шешу, ал отставкаға қатысты мәселе министрдің құзыретінде емес” деп жауап берді министр.
Сондай-ақ, Ғани Бейсембаев Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында болған оқиғалар бойынша жиын өткізіліп, жауапты тұлғаларға тапсырма берілгенін айтты.