Жаңалықтар

Оқушыларды гимназияға қабылдау тәртібі өзгерді

Бұл өзгеріс көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға қатысты болып отыр

Елімізде көпбалалы отбасылардан шыққан балалар республика бойынша мамандандырылған мектеп-гимназияларға жеңілдетілген тәртіппен қабылдана бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

24 kz- тің жазуынша, 
Анасы «Алтын» және «Күміс» алқа иегері атанған жанұялардың оқушылары мектепке қабылдау туралы ережеде әлеуметтік осал топ санатына қосылды. 

Талапқа сай бұл санат мектеп-гимназиялардағы оқушылардың 15%-ін құрауы тиіс.

 Айта кетейік, жуырда шымкенттік көпбалалы ана қызының гимназияға конкурссыз қабылданбай қалғанын жеткізген еді. Шағымға Омбудсмен үн қатып, Оқу-ағарту министрлігі типтік ережеге тиісті өзгеріс енгізді.