Жаңалықтар

Оқушылардың көктемгі демалысы қанша күнге созылады?

Оқушылардың көктемгі демалысы қанша күнге созылады?

  Оқушылардың көктемгі демалысқа шығуына екі аптадан аз уақыт қалды.    ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылардың осы жолғы демалысы 12 күнге созылады, яғни 20 мен 31 наурыз аралығында. Құзырлы ведомствадағылар ІІІ-тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында қосымша демалыс күндері енгізілгенін атап өтті. IV тоқсан 1 сәуірде басталады. Оқу жылының III-тоқсанынан бастап мектеп бітіру сыныптары (9, 11-сыныптар) барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшірілді (пәндердің 70% -ы дәстүрлі форматта, пәндердің 30% -ы онлайн режимінде). 10-сыныптар қашықтықтан оқиды.