Жаңалықтар

Оқушыны зорлады деп айыпталған мұғалім қамауға алынды

Бұл туралы Абай облысының Білім басқармасы хабарлады

Семейде 8-сынып оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жәбірленушінің анасының арызы бойынша қозғалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

 "Оқушы мектепте білімін жалғастырып жатыр. Оның ата-анасына балалар омбудсмені мен психологиялық қолдау орталығына хабарласуға кеңес берілді. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мұғалім жұмыстан шеттетілді", – делінген хабарламада.

 Айта кетейік, оқиға 2024 жылдың шілде айында болған. Күдікті 2022  жылдан бері мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.