Жаңалықтар

Қоңыр немесе ақ. Қандай жұмыртқа пайдалы?

Қоңыр немесе ақ. Қандай жұмыртқа пайдалы?

Жұмыртқа — жануар ақуызы мен дәрумендерге бай пайдалы өнім. Ол толыққанды таңғы ас дайындауға, жаттығудан кейін жеуге және диеталық өнім ретінде қолдануға келеді. Ол — жеңіл сіңетін ақуыздың,  майда еритін дәрумендердің және Омега-3 майлы қышқылдарының нағыз көзі. Жұмыртқада А, D, E, K және В тобының дәрумендері, темір, мыс және мырыш бар. Алайда кейде дүкеннен жұмыртқа таңдау қиынға соғады. Себебі қазір оның түр-түрі бар: қоңыр, ақ, органикалық және т.б. Денсаулыққа жұмыртқаның қандай түрі пайдалырақ? Ол жайлы диетолог Джесс Дегор айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап. Көпшілік адамда қоңыр жұмыртқалар ақ жұмыртқаларға қарағанда пайдалырақ деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл өтірік. Жұмыртқа қабығының түсі тауықтың түсіне байланысты. Қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі қоңыр тауықтан қоңыр жұмыртқалар, ал қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі ақ тауықтан ақ жұмыртқалар шығады. Олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Кей жұмыртқалардың қабында органикалық жұмыртқа, еркін жайылған тауықтардың жұмыртқалары деп жазылады. Дәрігер бұл терминдерді маркетингтік құрал деп атады және олар жұмыртқаның құнарлығына әсер етпейтінін айтты. Неліктен кей жұмыртқалардың сарысының түсі басқаларына қарағанда қоюлау? Жұмыртқа сарысының түсі оның құнарлылығына әсер етеді ме? Маманның айтуынша, жұмыртқаның құнарлылығына тек тауық жеміндегі қоректік заттар мөлшері ғана әсер етеді. "Мысалы, жұмыртқа сарысының түсі жемдегі каротиноидтарға негізделген. Жемге каротиноидтарға бай сығындыларды көбірек қосу жұмыртқа сарысының қоюлау және каротиноидтар мен антиоксиданттарға бай болып шығуына әкелуі мүмкін", - дейді маман. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95881/