Жаңалықтар

«Қоқысты қалтама саламын»: Садриддиннің концертінен кейін жастар стадионды тазалап кетті

The final spritzer

Әнші кеше Алматыда 30 мың адамға концерт берді

Жас әнші, хитмен Садриддин  Алматыда өткен жеке концертінде жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға үндеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әнші сахнада тұрып, жерде жатқан қоқысты қолымен алып, қалтасына салды. 

Осылайша, өнер иесі жастарға қоршаған ортаны қоқыстан таза ұстауға шақырды. 

Жас әншінің концертіне 30 мыңнан астам адам жиналған. 

Концерттен кейін әншінің тыңдармандары стадионды қоқыстан тазалап кеткен.