Облыс әкімі жауапты мамандарға өңірде жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды

0 41

облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында өңір әкімі Бердібек Сапарбаев мекеме басшыларына күш-жігерді жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағыттау қажеттігін баса айтты.

Кеңес отырысында облыстағы сыбайлас жемқорлық ахуалы және жергілікті атқарушы органдар тарапынан алдын алу жұмыстары талқыға салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген талдау қорытындысымен 2019-2020 жылғы сыбайлас жемқорлық сипатында жасалған құқықбұзушылықтардың басты түрлері аталды. Олар: білім саласында жұмысқа орналастыру барысында сағат бөлу, аттестациядан өткізу, ауыл шаруашылығы саласында субсидия бөлу, табиғатты қорғау саласында орындалмаған жұмыстарды қабылдау, ауылдық округтарда жер бөлу кезінде орын алған. Сондай-ақ, аталған барлық салаға тән сыбайлас жемқорлық тәуекелі мемлекеттік сатып алу кезіндегі құқықбұзушылықтар екен.

Кеңес отырысында департамент басшысы Ә. Әшірбаев облыстағы құқықбұзушылық жағдайлары туралы баяндама жасап, сол салалардағы мекеме басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына жете мән бермей, олардың ұйымдастырылған шаралары формальды қағаз жүзінде қалып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, жыл басында облыс әкімдігімен бірлесіп бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы кешенді жоспардың мемлекеттік органдарда орындалу барысы сынға ілікті.Күн тәртібінде қаралған мәселенің қорытындысы бойынша, кеңес төрағасы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына кешенді жоспардың орындалуын жіті бақылауға алуды тапсырды және ол белгіленген мерзімде сапалы орындалмаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік қаралатындығын ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.