Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

0 24

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласы және Т. Рысқұлов, Байзақ аудандарынан 7 азамат жазылған.

Олар жол салу, пәтер құжаттарын реттеу, электр желісін ауыстыру және өзге де әлеуметтік жеке мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде облыс әкімі барлық сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, зерделенетінін, мәселелер тиісті заң аясында шешілетінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.