Өлім жазасы Конституциядан алынады — министр Қуантыров

0 5

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының «Құқық қорғау институттарын күшейту» бағытында 9 іс-шараны іске асыру көзделген. «Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциялық соты құрылатын болады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері регламенттеледі. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі. Сонымен қатар, өлім жазасы Конституциядан алып тасталады», — деді Әлібек Қуантыров. Министрдің атап өтуінше, прокуратура органдарына азаптау туралы істердің айрықша тергеулігін белгілеу көзделеді. Сондай-ақ, «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда. Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдерін онлайн-трансляциялауды және олардың қорытындылары бойынша егжей-тегжейлі, дәлелді түсіндірмелер жариялау енгізіледі», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.