Олжас Бектенов ғылымға ұзақмерзімді инвестиция тартуды күшейтуді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолданыстағы тәсілдер, оның ішінде коммерцияландыруға арналған гранттар, ҒЗТКЖ үшін салықтық преференциялар, эндаумент-қорлар және басқа да тетіктер туралы баяндады.