Омыраудағы баласымен көшеде ән салып, жан баққан ана елдің аяушылық сезімін оятты
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
Күздің қара суығында кішкентай балаларын ертіп, кешқұрым уақытта ән айтып, ақша тауып жүрген ананың мүшкіл хәлі көпшіліктің жағасын ұстатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда бұл көрініс Алматы көшелерінде түсірілген.
Видеодан бір баласын қолына, енді бір баласын қоларбаға салған жас ананың әнші-композитор Гауһар Әлімбекованың “Перзент сыры” әнін орындап тұрғанын, жас ананы аяған алматылықтар оған ақша беріп жатқанын көруге болды.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары күн суықта, емшектегі баласымен жан бағып жүрген анаға жанашырлық танытып, оған қаржылай көмек көрсетуге ниетті екендіктерін жарыса жазған.