Омыртқамен проблема бар екенін білдіретін 5 белгі

0 19

Адамның денсаулығы үшін омыртқа саулығы өте маңызды. Өкінішке қарай, физикалық жүктеменің көп болуы немесе оның мүлдем жоқ болуы, тұқымқуалаушылық және басқа да жағымсыз факторлар себебінен омыртқа түрлі жедел және созылмалы ауруларға шалдығады. Өзіңізде омыртқамен проблема бар екенін қалай білуге болады? 5 белгіні ұсынамыз.

1. Арқаның төменгі жағы және бел ауырады

Бұл жиі кездесетін белгі сколиоздың (омырқаның өзгеріске ұшырауы) дамуы, омырқааралық жарықтың пайда болуы, остеохондроздың дамуы немесе дұрыс отырмаудың салдары болуы мүмкін. Арқаның созылмалы ауыруы қозғалыстың шектелуіне, фихикалық белсенділіктің төмендеуіне және өмір сапасының айтарлықтай нашарлауына, түрлі аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

2. Мойынның қатты ауыруы

Мойын бөлігі – адам денесіндегі әлсіз аймақтың бірі. Егер басыңыз жиі ауырса, қолыңыз ұйып қала берсе, артериялық қысымыңыз көтеріліп кетсе, жылдам шаршап қалсаңыз және нашар ұйықтасаңыз, бұл белгілердің себебі омыртқаның мойын бөлігінің ауруы болуы мүмкін. Жиі бұл белгілер остеохондроз бен омырқа жарығы салдарынан пайда болуы мүмкін.

3. Кеуде тұсының ауыруы, қолдың шаншып ауыруы және ұюы

Кеуде тұсының ауыруын адамдар жиі жүрек проблемаларымен байланыстырады, алайда бұл белгімен келген науқастардың көпшілігінде омыртқа проблемасы анықталады. Десе де, бұл белгіні байқаған кезде кардиолог маманына қаралу артық етпейді.

4. Құйымшақтың ауыруы

Сіз ұзақ уақыт бір орында тұрсаңыз немесе отырсаңыз, беліңіз ауыруы мүмкін. Бұл остеохондроз, сколиоз немесе омыртқа жарығымен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ оның себебіне дұрыс отырмау, ауыр көтеру арқылы жасалатын жаттығуларды көп орындау немесе мүлдем физикалық белсенділіктің болмауы жатады.

5. Аяқтың ауыруы

Егер аяғыңыз жиі ауырса, ұйып қалса, табаныңыз шаншыса, бұл омыртқамен байланысты проблеманы білдіруі мүмкін. Мұндай белгі әдетте қиын және ауыр жұмыс салдарынан, артық салмақтан, остеохондроз себебінен омыртқаның сүйек тінінің бұзылуынан, протрузия дамуынан және дисктер жарығынан пайда болуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.