Оқушылар қайтадан онлайн оқуы мүмкін

0 17

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мектептер мен жоғары оқу орындарында білім беру процесі қалай жүзеге асырылатынын айтты.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің ұсынымы бойынша білім беру ұйымдарындағы оқыту форматы қайта қаралды», деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып оқушылары мен 600 оқушыға дейінгі мектептер штаттық форматта оқиды.

Сыныптың толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар оқыту форматын таңдау кезінде вакцинациямен қамтылу деңгейі ескеріледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде де сараланған тәсіл енгізілмек, дәрістер онлайн форматта, ал практикалық сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өткізіледі.

«Сонымен қатар балалар арасында ЖРВИ және КВИ аурулары 1,3 есеге артқанын ескере отырып, санэпидқадағалау органдары карантиндік шаралардың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастыратынын және бұзушылықтар анықталған жағдайда оқыту онлайн форматқа ауысатынын атап өткен жөн», деді министр Ажар Ғиният.

Leave A Reply

Your email address will not be published.