Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің әйелі әскери техника мен сарбаздарды жинап, бейнебаян түсірген

Қазір оны желеу қылып, кейбір ақпарат құралдары мен «жазғыштар» клиптің қалай түсірілгені туралы астарынан мысқылдап сыр іздеп, өздерінше пайымдап жатыр.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың әйелі Эльмира Баққали «Қазақстан» әніне 2015 жылы бейнеклип түсірген. Бейнеклипке әскери техниканың тұтас колоннасы, тікұшақ пен бір топ сарбаз түскен. Видеоға қатысты қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап  

Stan.kz-тің дерегінше, Руслан Жангулин бұл  клиптің шамамен 10 жыл бұрын түсірілгенін айтқан.