Жаңалықтар

Қорқынышты статистика: бір жылда 12 мыңнан аса қазақстандық рактан қайтыс болған

Қорқынышты статистика: бір жылда 12 мыңнан аса қазақстандық рактан қайтыс болған

4 ақпан – обырға қарсы күрес күні денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруға шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді.

Елімізде сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры ең көп таралған. Онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Қазіргі таңда қазақстандықтар онкологиялық скринингтің 3 түрінен тегін өте алады, олар емханаларда қолжетімді: 1) сүт безі обырына скрининг (40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер, 2 жылда 1 рет) 2) жатыр мойны обырына скрининг (30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер, 4 жылда 1 рет) 3) колоректалдық обырға скрининг (50 мен 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет). Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде жатыр мойны обырының алдын алу үшін 11 жастағы оқушы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина салынады. Вакцинация тегін. Екпе егу үшін міндетті түрде ата-ананың келісімі қажет.