Оралда алты айлық сәби түйреуіш жұтып, қайтыс болды
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға туралы ақпаратты «Мой город» басылымына растады. Алайда ведомство жағдайдың толық мән-жайын айтпады. Полиция департаменті бұл оқиға шынымен болғанын хабарлады. «Алты айлық сәби тоғызыншы қарашада қайтыс болды, қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде. Іс адам өлімі фактісі бойынша тіркелді. Трагедияның мән-жайы анықталуда», – деді ПБ.