Жаңалықтар

Оралда биыл 1288 адамды қаңғыбас ит қауып алған

Облыс бойынша агрессивті иттерді аулауға, зарарсыздандыруға және өлтіруге 68 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

Жыл басынан бері қаланың 1200-ден астам тұрғынына бұралқы иттер шабуыл жасаған. Бұл туралы аймақтық Aqjaiyq телеарнасынан көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

БҚО Ветеринария басқармасы өкілінің айтуынша, Орал қаласында биыл 2368 қаңғыбас ит ұсталған, оның 1314-і биостерилизацияланған және қайтадан тіршілік ету ортасына жіберілген, азаматтардың өтініштері негізінде қалған 1054-інің көзі жойылған. 

Қазан айында кішкентай 5 жасар қызды қаңғыбас ит талап, бала реанимацияға түскен еді. Сол айда иесіз иттер Зачаганск шағын ауданының тұрғынының 100-ден астам қойына шабуыл жасап, өте үлкен материалдық шығын келтірген. 

Тұрғындар қала көшелерінде, тіпті мектеп пен балабақшалар маңына дейін бұралқы иттердің қаптап кеткендігіне алаңдаулы.