Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға түсті

0 4

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10:30-да Мұхит және Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды. Қалада 39-бағытта жүретін «ПАЗ» автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше — Мұхитқа шығарда жол бермей, 30Д бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан. Салдарынан 39-автобус қиылыста тұрған Toyota Camry автокөлігіне аударылған. Жол апатынан кейін 11 адам жарақат пунктіне жүгінді, олардың біреуі бала. БҚО Полиция департаменті және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, қосымша ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.