Жаңалықтар

Оралда подстанцияда ток соққан 9 жастағы баланың жағдайы өте ауыр

The final spritzer

Орал қаласында қайғылы оқиға орын алды. 2015 жылы туған 9 жастағы ұл баланы подстанция төбесінде ток соққан.

Оқиға салдарынан бала төртінші дәрежелі ауыр күйік алып, жедел түрде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр. Денесінің 95 пайызы күйіп қалған, қазіргі таңда ол тыныс алу аппараттарының көмегімен жасанды жолмен тыныстап жатыр.

Құқық қорғау органдары оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.