Жаңалықтар

Оралдық полицейлер төртінші қабаттан секірмек болған әйел адамды құтқарды

The final spritzer

Оқыс оқиға түнгі уақытта орын алған

Оралдық полицейлер төртінші  қабаттан секірмек болған әйел адамды құтқарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz сілтеме жасап

Оқыс оқиға түнгі уақытта Кердері көшесінде орын алған.  Полицияға әйел адамның көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы балконнан секірмек болғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипаждары келген. Полиция қызметкерлері жағдайды жедел бағалап, кәсіби әрі үйлесімді әрекет еткен. 

Полиция капитаны Райымбек Газезов төменде қалып, әйелмен байланыс орнатып, оның назарын басқа жаққа аударды. Ал полиция капитаны Берік Сиязбаев, полиция лейтенанты Фархат Ғалиев және полиция аға лейтенанты Мирас Каримуллин үшінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы төртінші қабатқа өтіп, әйелді дер кезінде ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алды, - делінген хабарламада.

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында әйел адам аман қалды.