Жаңалықтар

Қордайда құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының алғашқы сессия отырысы өтті

Айта кетейік, ауданда жергілікті халықтың татулығы мен тұрақтылығын нығайтуды мақсат тұтқан 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

 Өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту жолындағы маңызды жиынға Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тоғыз жолдың торабында орналасқан аталған ауданда 30-ға тарта этнос тұрады. Бір шаңырақ астында топтасқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі бекем, тірлігі берекелі.

Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін сессия жұмысын бастаған аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы өңірдегі этносаралық бірліктің маңызын және оны нығайтудағы Ассамблеяның рөліне  кеңірек тоқталды.